Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуі пандемияға қарсы күрес жөніндегі көптеген мәселелерді қамтыды. Халықтың көкейінде жүрген, көпшілігімізді толғандырып отырған сұрақтарға жауап айтылды. Бұл мемлекет басшысының халықпен қашанда бірге екендігінің дәлелі емес пе?!

Ел президенті айтқандай, біздің елдегі жағдай оңай болып тұрған жоқ. Алапат індет арамыздан қаншама асыл жандарымызды алып кетті. Әрбір отандастарымыздың қазасы біз үшін ауыр. Жақындарынан айырылған әрбір отбасыға көңіл айтамын.

Қадірлі ағайын, машақатты уақытта бір-бірімізге бекем болайық. Пайда емес, сауап іздеп халқымыздың амандығын тілейік. Қолдан келген көмегіміщді бірімізден-біріміз аямайық. Біз бұл індетті жеңеміз.

Қахар Дадашев, Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Тағы да оқыңыз: