Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жариялады.

Мемлекет басшысы үндеуде халықты алаңдатқан мәселелерді алға тартып, оларды шешудің нақты қадамдарын атап өтті. Мәселен, ұзақ уақыттан бері халықтың мұңына айналған утилизациялық алым мәселесін жуық арада шешу жоспарланды. Сонымен қатар ел экономикасының басым бөлігін құрайтын «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының жұмысын қайта қарастыру да жоспарға енді.

Президент мұнан өзге елде жастар саясатына да ерекше назар аударылатынын айтты.

«Ел болашағы – жастардың қолында» десек, қазір олардың сапалы өмір сүріп, білім алуы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асуы тиіс. Осы мәселеде Мемлекет басшысы елімізде белгілі шетелдік бес университеттің филиалын ашу, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының сапалық деңгейін көтеру туралы тапсырма берді. Оған қоса, жастардың бизнестегі бастамасына берілетін гранттар құнын 400 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды.  

Президент қазақ елінің жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталған үндеуінде тиісті сала жетекшілеріне біршама міндеттер мен тапсырмалар жүктеді. Осы орайда қызылордалықтар да бірлігімізді күшейтіп, ынтымағымызды аттырайық.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

Қызылорда облыстық мәслихат депутаты

Тағы да оқыңыз: