Kyzylorda-news.kz. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сырдария ауданындағы елді мекендерде 2 көше құрылысы мен 3 көшені жөндеу жұмыстарына 469 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев айтты.

Аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлының айтуынша, ауданда жарықтандыру жұмыстары – өзекті мәселелердің қатарында.

«Бүгінде ауданға қарасты елді мекендердің электр желілерінің 70 пайызының тозығы жетіп тұр. Олардың ішінде электр желілерін шұғыл жаңғыртуды қажет ететін Шаған, Аманкелді, Қоғалыкөл, А.Тоқмағамбетов ауылдары бар. Аталған мәселе бойынша қажетті материалдар есептілігі әзірленуде», – дейді аудан әкімі.

Бұдан бөлек аудандық бюджеттен елді мекендердегі тозығы жеткен трансформаторларды жаңалау үшін 25,8 млн. теңге бөлініп, «Кентау трансформатор зауыты» серіктестігімен 10 дана трансформатор сатып алынды.

Сондай-ақ, биыл ақпан айында Тереңөзек кенті көгілдір отынға қосылды. Қазіргі таңда, аудан орталығында 710 жеке және 11 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік және кәсіпкерлік нысан табиғи газдың пайдасын көруде. Қазіргі уақытта газдандыру көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға дейін жеткізуге жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір айта кетерлігі А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған елді мекендерін газдандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 30 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленуде.

Тағы да оқыңыз: