Kyzylorda-news.kz. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен #oqy&toqy айдарында тапсырыс беру жолы оқырмандар назарына ұсынылады.

ХҚО арқылы:

– ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
– Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

Мобильді топты шақырту арқылы:

– “1414” бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

Сізге қажетті құжаттар:

– Жеке басыңыздың куәлігі;
– Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
– Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;

-Мүгедектігі жайлы куәлік;

-Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;

-Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:

– Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

Қызмет нәтижесі:

– Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

Айта кетейік, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.

Тағы да оқыңыз: