Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы іс-шарасының алғашқы 7 күнінде 3891 құқық бұзушылық анықталды.
Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысудың (ҚР ӘҚБтК-нің 463 бап)-14,медициналық қарап-тексеруден өтпеудің (ҚР ӘҚБтК-нің 590.8-б.) -9,заңсыз қайта жабдықтаудың /590.7-бөлігімен/-121, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген /590.9-бөлігімен/-330, ұялы телефонмен сөйлесудің /591.1-бөлігімен/-150, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың/608-бабы/ -39, қауіпсіздік белдігін тақпаудың /593.1-бөлігімен/-788, жаяу жүргіншіге жол бермеудің /600 бап/ -98, құжатсыз автокөлік басқару /612.1-бөлігімен/- 229, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу /615 бап/- 195, маневр жасау ережесін бұзу /595 бап/-156 деректері анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.