Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінде «12 қазан - Кадр және медицина қызметтерінің құрылған күніне» орай салтанатты шара өтті.
«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, Сіздерді 12 қазан - кадр қызметі және медицина қызметі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!»-деп атап өтті Қызылорда облысы ПД бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев.
Департамент бастығы өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерді, ардагерлерді марапаттады. Департамент бастығының бұйрығымен «Грамотамен» ішкі істер органдарының ардагерлері - Раимбеков Бекбай, Шохатаев Махмудин, Абубакирова Феруза, Жұбатқанова Палымкүл, Шерімбетов Ерғали, Әбдіреев Асылхан, Ағыбаев Молдахмет, Ағыбаев Марат, Әбілқасымов Дінмұхамед, Жапаров Абылай, Есжанов Манарбек, Пшанов Дәуіржан марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бұйрығымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен 3 қызметкер, Грамотамен 4, Алғыс хатпен 5 қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар ПД бұйрығымен медицина саласының 15 қызметкері марапатталды. Іс-шара соңы облыстық өнер жұлдыздары мен өнерпаз полицейлердің мерекелік концертіне ұласты.