Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында облыстық жастар ресурстық орталығы «Байқоңыр» қалалық бөлімі және РФ қарасты «Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасымен бірлесе «Фейс-арт» мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Байқоңыр қаласының бүлдіршіндері №1 демалыс паркінде сурет салудан сайысқа түсті. Сондай-ақ, мерекелік кеште балаларға арнап түрлі бағыттағы ойын-сауықтар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Кеш соңында барлық қатысушы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.