Kyzylorda-news.kz. Халықаралық ғалымдар тобы ең алыс және ежелгі галактиканың ашылғанын жариялады. Бұл туралы Гарвард университетінің сайты жазды.
HD1 деп аталатын галактикадан Жерге дейінгі қашықтық 13,5 миллиард жарық жылы. Бұл қашықтық зерттеушілер атап өткендей, бүгінге дейін ең алыс GN-z11 галактикасынан 100 миллион жарық жылы алыс.
Ғалымдар галактика шығаратын ультракүлгін толқындардың шектен тыс жарықтығына назар аударды. Суретте ол кішкентай қызыл нүктеге ұқсайды, бірақ шын мәнінде ол ультракүлгін диапазонда жарқырайды. Бұл құбылыс онда болып жатқан жоғары энергетикалық процестерді көрсетеді. Астрономдардың пікірінше, жылына 100-ден астам жұлдыз осыншама жарықты қайта жасай алады және бұл көрсеткіш Ғалам дамуының алғашқы кезеңдеріндегі галактикадан 10 есе көп.
Гарвард-Смитсондық астрофизика орталығының (CfA) астрофизигі Фабио Пакуччи: “Біздің планетамыздан осындай қашықтықта орналасқан нысанның табиғаты туралы сұрақтарға жауап беру өте қиын”, – деді.
Оның айтуынша, бұл ғаламда пайда болған алғашқы жұлдыздардың қазіргі жұлдыздардан әлдеқайда үлкен және жарық болуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, ғалымдар галактикада осы уақытқа дейін ешқашан байқалмаған ғаламдағы ең алғашқы жұлдыздардың мекені болуы мүмкін деп болжайды.
Атап өтілгендей, HD1 Subaru, VISTA, Ұлыбританияның инфрақызыл телескопы және Spitzer ғарыштық телескопы арқылы 1200 сағаттан астам бақылаудан кейін табылды. Зерттеу тобы жақында Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы арқылы HD1-ді қайтадан бақылап, Жерден нысанға дейінгі қашықтықты тексереді. Бұл есептеулер дұрыс болса, HD1 бұрыннан тіркелген ең алыс және ең көне галактика болады.
Астрономдар бұған дейін Құс жолынан шамамен 3 миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан ең үлкен галактиканы ашқан болатын. Бұл Alcyoneus деп аталатын алып радиогалактикасы. Оның ұзындығы 16,3 миллион жарық жылы.