Kyzylorda-news.kz.  Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды.

Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тілімізбен және төл тарихымызбен сусындап, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, Домбыра үйренетін болады.

Мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.

Айта кетейік, аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының басшысы Жұлдызай Исмаилова.

Тағы да оқыңыз: