Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламаларының Жол карталарындағы негізгі бағыттардың бірі – азаматтар үшін өмір сүруге жайлы аймақ құру.
Бұл мақсатта ағымдағы жыл бойынша бүгінгі күнге Шиелі ауданына 2 елді мекен газдандырылып, Ақмая, Алғабас ауылдары көгілдір отынға қосылса, тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары аясында Қызылорда қаласында көп балалы отбасылар үшін 50 пәтерлі яғни 456,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мұнан бөлек Жол картасында 2021-2025 жылдар аралығында 50-ден кем емес үлкен сыйымдылықтағы автобустарды алу арқылы оларды кезең-кезеңмен жаңалау көзделген болатын. Бұл мәселе бойынша аймақ басшысының тікелей қолдауымен үлкен сыйымдылықтағы 150 дана автобус сатып алуға қаржы бөлінді. Қазір алғашқы 15 автобус келіп, күрделенген өзекті мәселе біртіндеп шешімін табуда. Алдағы уақытта қалған 135 данасы жеткізіліп, қалаішілік бағыттардағы автобустардың қатарын толықтыратын болады.
Жалпы Жол карталардың орындалу барысы филиалдар жанындағы қоғамдық кеңестер мен фракциялар отырыстарында қаралып, партиялық бақылау қызметтері арқылы мониторинг жұмыстары жыл бойы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Орындалуы бойынша проблемалары бар 23 нысанға арнайы партиялық бақылау бекеттері орнатылып, ол жерлердегі жұмыстардың үздіксіз және сапалы жүргізілуі қадағалануда.