Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы әрбір отбасы елдің ұлттық байлығынан нақты табыс алуы керек екенін ескертті.

«Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әрбір отбасы елдің ұлттық байлығынан нақты табыс алуы керек екенін ескертті.

«Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: