Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда өңірінде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауын өткізу жұмыстары қарқынды жүруде. 

Өңірде барлығы 516 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9 аумақтық, 134 округтік, 373 учаскелік.

Сайлау процессінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін сәрсенбі күннен бастап барлық сайлау комиссия мүшелеріне оқыту және әдістемелік бағыт-бағдар беру үшін арнайы оқыту-семиналары басталды. Барлығы 1500-ге жуық маман оқытылады. 
Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында алғашқы үш күн Қызылорда қаласының мамандарын оқытуға арналды. 

Келер аптадан бастап барлық аудандағы сайлау комиссиясының мүшелері үшін көшпелі оқыту-семиналары өткізіледі.
Учаскелік, округтік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау туралы заңнамадағы өзгерістер, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, байқаушылармен жұмыс жасау, дауыс беру тәртібі, кандидаттармен жұмыс жүргізудің жолдары тақырыбында ақпараттар алып, өзара пікір алмасты. 

IMG-20230207-WA0042.jpgIMG-20230207-WA0044.jpgIMG-20230207-WA0043.jpgIMG-20230207-WA0041.jpgIMG-20230207-WA0045.jpg

Тағы да оқыңыз: