Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында шенеуніктер бюджеттің бақандай 1,5 миллиард теңгесін жерге көмген. Ашып айтсақ, Жаңақорғанда жақында ғана пайдалануға берген мектептің іргетасының астына салынған сейсмикалық бетонға бола осынша қаражат жұмсалған екен. Ал небәрі 600 оқушыға арналған ғимараттың жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Қыруар қаражат жұмсалса да, білім ұясында не балалар ойнайтын спорт алаңы, не акт зал жоқ.