Күлмейтін адам немесе Мебиус синдромы – Kyzylorda News
Басты бет

Күлмейтін адам немесе Мебиус синдромы

20.06.2021, 14:00

812 0

Kyzylorda-news.kz Бұл оқиға ешкім, ештеңе күлдіре алмаған «мұңды» қыз туралы. ХХ ғасырдың басында Нью-Йоркта күлмейтін қыз өмір сүрген. Жүздеген әзілкеш Сьюзен Келли есімді бойжеткенді күлдіргі әңгіме айтып күлдірмекші болып біраз шаршаған көрінеді.

Хаммерштейн циркі

Сол кезде Вилли Хаммерштейн есімді продюсер Мұңды Сьюді циркке қызметке қабылдайды. Оны күлдірген әзілкешке 30 мың доллар ақы берілетін болды. Әзілкештердің әңгімесін тыңдап, Сьюдің күлкісін көруге келетіндер кезекке тұратын. Алайда ел ішек-сілесі қатып күліп жатса да, Сьюдің езуі жыбырламапты да.

«Күлмейтінді күлдір» атты атракционы ел арасында кеңінен танылып, ұйымдастырушылар актрисаның арқасында қомақты қаржы жинаса да, Сью аптасына тек 20 доллар алатын болған.

Нәтижесінде Сьюзенді ешкім күлдіре алмаған. Көрермендер мен қатысушылар Сью не саңырау, не зағип деп күдіктене бастаған. Бұл күдікті жоққа шығару үшін Сью әзілді тыңдап болған соң әзілкешке баға айтып отыру керек болды. Қазіргі мәнермен айтқанда «мұның қай жеріне күлейін?» деген мәндегі пікірмен әзілкештердің бетін қайтарып отырыпты.

Шоу жұмысы тоқтап, таратылған кейін бойжеткеннің сыры да ашылған. Қызда сирек кездесетін Мебиус деген синдром анықталған. Яғни, бет жүйке жүйесінің бұзылуынан мимика көрсету қабілетінен айрылған. Кейін Сью секілді күлмеуге «тырысқан» еліктеп, пайда көрушілер де болған, алайда ешкім Сьюге тең келмеген. Осы жайттан кейін ағылшын сөздік қорына «it could make even Sober Sue laugh» – «бұған тіпті Мұңды Сью де күлетін еді» деген мағынадағы тұрақты тіркес енген екен.

Massaget

0

Пікір қалдыру