ХОК: Токио Олимпиадасын ауыстыру бірнеше млн доллар шығынға ұшыратады – Kyzylorda News
Басты бет

ХОК: Токио Олимпиадасын ауыстыру бірнеше млн доллар шығынға ұшыратады

13.04.2020, 10:42

566 0

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасы ойындарын 2021 жылы ауыстыру Халықаралық олимпиада комитетін (ХОК) бірнеше миллион доллар шығынға ұшыратуы мүмкін. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Токиодағы Олимпиада ойыны 2020 жылы 24 шілдеден бастап 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясы салдарынан бір жылға, яғни 2021 жылғы 23 шілде – 8 тамыз аралығына ауыстырылды. «Ауыстыру құнын әлі де есептеу қажет. ХОК бірнеше жүз миллион долларды құрайтын қосымша шығындарға ұшырайтындығын қазірдің өзінде ақ айтуға болады»,- деді Бах.

 ХОК ауқымды қаржы шығындарына ұшырамауы үшін Олимпиада-2020 ауыстыруға ұзақ уақыт келісім бермеген болатын. Ең ауыр шығынға батып отырған Жапония, бұл ел бүгінгі күні шамамен 12 млрд доллардан астам қаржы жұмсап үлгерді. Сарапшылардың бағалауынша, Ойындарды кейінге шегеру жарнама берушілерге де оңай түспей отыр, олар шамамен 1 млрд доллардан айырылуы мүмкін. Бұған қоса ұлттық олимпиада комитеттерінің және ойынға қатысатын елдердің әлі есептелмеген шығындары да бар.