Kyzylorda-news.kz. Есімі әлемдік спорт жұлдыздарының қатарында аталатын америкалық регби командасының ойыншысы Русти Рассел Димаш Құдайбергеновті Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан жүзден аса жанкүйермен бірге құшақ жая қарсы алып, оған регби добын сыйға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Димашты қатты жақсы көретінін айтқан ол әуежайдағы көпшілікпен бірге қазақстандық әншінің қолын алып, амандасу үшін арнайы барыпты.
Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық жанкүйері Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда гүл шоқтарымен күтіп алды.
Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбіреді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлер қазақстандық әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық жолдан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік фотоға түсті.