Қызылордадағы түзету мекемесінде Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордадағы түзету мекемесінде Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтті

02.03.2020, 10:40

549 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің ұйымдастыруымен қалалық А.Пушкин атындағы кітапханада Ұлы ақынға арналған «Абай-Ұлы тұлға» атты кеш өтті.

Кітапхана қызметкері Қарлығаш Мәжитханқызы мекеме қызметкерлеріне Абай шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетуге қосқан үлесін таныстырды.

 Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетіліп, ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ақынның қара сөздері мен өлеңдерін оқыды.  Кеш соңында  Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қойылып, «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындады.