Абайдың қара сөздері чех тілінде басып шығарылады – Kyzylorda News
Басты бет

Абайдың қара сөздері чех тілінде басып шығарылады

07.02.2020, 18:20

616 0

Kyzylorda-news.kz.  Чех жазушысы Абайдың қара сөздерін туған тіліне аударып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владислав Кучик ұзақ уақыт Қазақстан мен қазақ әдебиетін зерттеп келеді. Айтуынша, алғаш рет кемеңгер ақынымыз туралы Прагада оқитын қазақ студенттерінен естіпті. Бірақ Абай шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келгенде, чех тіліндегі туындыларын тапқан жоқ. Осыған байланысты өлеңдері мен қара сөздерін туған тіліне аударып, кең жұртшылыққа таныстыру ойы келді. Владислав Кучик өз қара сөздерден бастауды ұйғарды. Абайдың қағидалары жерлестеріне де өте қызық болар деп санайды. Жазушы бұл аудармасын тамыз айында аяқтауды көздеп отыр. Ал күзде Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітаптің ресми тұсаукесері өтеді.

«Абайдың чех тіліндегі туындыларын іздеп, антиквар дүкенінде 1969 жылы шыққан жалғыз кітапты таптым. Оның шығармашылығы мені шынымен қызықтырады. Абай 19-ғасырда достық, адамгершілік пен адам баласына тән жаман қылықтар туралы жазған. Қанша уақыт өтсе де, бұл қағидалары мен ақылдары әлі күнге дейін өзекті», – дейді жазушы Владислав Кучик.

0

Пікір қалдыру