Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қазақ руханиятының өркендеуіне серпін береді.

Абай мұрасының қазақ ұлтының ғана емес барша адамзаттың рухани құндылығы десек қателеспейміз.Тарих беттеріне үңілсек өткен ғасырдағы алаш қайраткерлері оның ішінде Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығына Еуропаның әйгілі ақындарына мақтаныш болды деп баға беріп, жарыққа шығуына зор ықпал етті. Сол дәуірдің өзінде түркі жұртында ұлы ақынмен шендесе алатындай тұлға болған жоқ. Одан кейін бір ғасыр уақыт өтсе де Абай шығармашылығы еш мәнін жоғалтпай руханиятымыздың темірқазығына айналды. Осы арада аяулы алаш қайраткері Міржақыптың «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз» деген сөзі еріксіз ойға оралады. 

Ұлттық рухымызды көтеретін мақалада жаңа қоғамда береке-бірлігімізді сақтап, халқымыздың қадір-қасиетін арттыру үшін Абай мұрасына арқау болған мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек ету арқылы әрбір Қазақстандықтың еселі еңбегінің арқасында еліміздің экономикасының қарыштап ілгерлейтіні ерекше аталды. Осы орайда еліміздің қай саласында болмасын Абай мұрасын насихаттап, әлемдік деңгейге көтеру  рухани жаңғырудағы бір белесіміз болмақ. Оның ішінде ұлтымыздың ұлы тарихын ұлықтап отырған музейлерде ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында келелі шараларды ойдағыдай жүзеге асыру киелі міндетіміз деп білемін.

Гүлзира ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмешіт филиалының қызметкері

Тағы да оқыңыз: