Абай аманатын ардақтауға насихаттайды – Kyzylorda News
Басты бет

Абай аманатын ардақтауға насихаттайды

09.01.2020, 15:00

1116 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абай қалдырған бай мұрамен жаңғыруды көздейді. Қазағын, халқын төрге сүйрелеуді мақсат тұтқан ұлы ақынның ой-тұжырымдамаларын негізге ала отырып, бейбіт кезеңде елдің дамуы мен одан әрі өркендеуіне ерекше назар аударады. Ұлт бірлігін биіктете отырып, еліміздің әлауқатын еселі еңбекпен еңсеруді алға қояды.

Шынында, Абай өз бойындаға талантын ұлтының рухани игілігіне қызмет етуге жұмылдырған. Мақсатқа жетудің нақты жолы – еңбек деп түсіндірген. «Мен де жоқ қажу деген, ашу деген, тарығып болымсызға жасу деген» деп жастарды қажырлы еңбекке, әдептілікке, шыдамдылыққа шақырған.

Міне, бүгінгі Президентіміздің жариялаған маңызды мақаласы  Абай аманатын ардақтап, ұлы мақсаттарды бағындыруды  насихаттайды.

Уалихан ИБРАЕВ,

«Қоғамдық келісім» КММ директоры

0

Пікір қалдыру