Kyzylorda-news.kz. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда облысында да мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Жыл бойы өткізілетін іс-шаралар туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова айтты.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шаралар тізіміне тоқталсақ.

  • Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу шеберлері мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсы;
  • «Қанат жайған руханият» атты көрме;
  • Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесінің ашылуы;
  • «Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» республикалық ақындар айтысы;
  • Е.Төлеубайдың «Абай» драмасы;
  • Абай оқулары;
  • «Абай әлемі» кітап фестивалі;
  • А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан үзінді қою (концерттік нұсқасы);
  • «Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
  • «Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы;
  • «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
  • Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концерті өтеді.

Тағы да оқыңыз: