Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұстафа Матаев атындағы №170 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2013 жылы жаңа ғимаратқа көшірілді.

 Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылы 1 наурыздағы №978 қаулысымен Қызылорда облысы білім басқармасының «Қазалы ауданының білім бөлімінің №170 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұстафа Матаев атындағы №170 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған. 
Мектепте спорт зал, акт зал, асхана, кітапхана, медициналық бөлме және компьютер сыныптары бар. Жылу, су және кәріз жүйелері орталықтандырылған түрде жұмыс жасайды.
Мектепте оқушыларға дәрігерге дейінгі амбулаториялық-емханалық көмек пен алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жүзеге асыратын арнайы медициналық бөлме жұмыс жасайды, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. 
Мектеп асханасы құрал-жабдықтармен, тамақ ішетін орын, ас әзірлеу орнымен қамтамасыз етілген. Оқушылар тұтынатын азық-түлікке, тамақтарға рұқсат етілген, сертификатталған өнімдер пайдаланылуда, ас мәзірлері бекітілген. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 
Мектепте білім беру қызметі 3 сатыда (бастауыш, негізгі, орта) жүзеге асырылады. Оқыту тілі – қазақ.  Ауысым саны – 2. 
Мектепте жалпы педагог – қызметкерлердің саны – 98 (1 педагог – ассистент, 1 тәлімгер, 1 дефектолог, 1 музыкалық жетекші, 1 әлеуметтік педагог), оның шінде 93 мұғалім дәріс береді. 
Білім беру ұйымдарын «Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер» кестесі толтырылған. Мектепте барлық кітаптар саны 24247, соның ішінде; әдістемелік оқулықтар саны 1477, оқулықтар – 19984, көркем әдебиеттер – 1621, электрондық оқулықтар саны – 445, дидактикалық материалдар – 720. Ғаламтор орнатылған.
Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді: 1-11 сыныптарда-бес күндік оқыту. Барлығы 35 сынып-комплектісі бар. 
Аталмыш мектепте 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Диханова Жанар жетекшілік ететін тұлғалық бағытта Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейі бар. Бұл музей Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне қоғамдық негіздегі мұражайлар тізіміне тіркелген. 
ЖЕТІСТІКТЕРІ
Атырау қаласында 16-21 наурыз аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде, жаратылыстану-математика бағыты бойынша Қазалы ауданы атынан қатысуқан №170 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жетпісбай Дінмұхаммед (жетекшісі: Жакей Фарида) география пәні бойынша үшінші орын иеленді. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық олимпиадада география пәнінен Мұстафа Матаев атындағы N 170 орта мектебіміздің 10-сынып оқушысы Рамазан Ғалымжанұлы қатысып, жүлделі бірінші орын иеленді. Жетекшісі: Әбдіжаппарова Жадыра. Дарынды шәкіртіміз  білім биігін бағындыра берсін!
                                                                                                                  
Қызылорда облысының білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 қазан күні жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі бойынша Мұстафа Матаев атындағы N170 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әзен Гаухар жүлделі екінші орын иеленді.
                                                                                                                            
Алматы қаласында өткен "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен "DARYN" телевизиялық шоуға мектебіміздің 9-сынып оқушысы Әзен Гауһар Жеңісбекқызы Қызылорда облысы бойынша Республикалық білім сайысына қатысты. 
"Елбасы медаль" жобасының қола жүлдегері, "Қобыланды батыр" жырының жеңімпазы, Облыстық математика пәні бойынша олимпиаданың жүлдегері, түрлі білім сайыстарында топ жарып жүрген дарынды оқушымыз Гауһар – Республика төрінде барлық пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім бәйгесінен оза шауып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 

2020 жылдың 5-6 қаңтар күндері өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде №170 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әзен Аяулым Жеңісбекқызы математика пәні бойынша пәндік олимпиададан жүлделі үшінші орынды иеленді. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Аймағамбетова Күлаш апайымызға алғыс білдіреміз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен "QAZAQ EPOS" қоғамдық қорының қолдауымен өткізілген «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының  6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан мектебіміздің оқушылары Әзен Гауһар бірінші орын мен 750 000 теңге сыйақы, Жеңісбек Гүлназ екінші орын мен 350 000 теңге көлеміндегі сыйақы иеленді.
 

Тағы да оқыңыз: