Kyzylorda-news.kz Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары. 

Бүгін сағат 12:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджін  бір мезетте орындады.  Оның ішінде Қызылорда қаласының мектептерінде де оқушылар бір мезетте   «Тепең көк», «Адай», «Балбырауын», «Келіншек» күйлерін орындап, көрерменге жолдады.

«Домбырашылар» челленджі – балалар мен жастардың, ұстаздар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны насихаттауды мақсат етеді. Сондай-ақ Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.

Домбырашылар челленджі бұл – 2023 жылдан бері Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Наурыз қарсаңындағы ауқымды республикалық акция. Челленджге бір миллионнан астам жас домбырашы қатысып, көптік істі қазалылық шәкірттер де қолдады. Айта кетейік, барлық мектеп оқушылары челлендж арқылы әз-Наурыз мерекесінің ажарын арттыра түсті.

Тағы да оқыңыз: