Kyzylorda-news.kzАта-бабадан мирас болып қалған асыл қазына – ұлттық құндылығымызды насихаттауда «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қолдауымен Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Туған өлкеме тарту» атты өнер сайысы өтті.

Сайыс шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тілеген «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов «Ұлттық мұра» партиялық жобасы мен сайыстың мақсатына тоқталды. 

– «Ұлттық мұра» партиялық жобасы – мәдениетімізді насихаттау мен ұлттық тәрбиені арттыруға бағытталған. Жоба аясында ұйымдастырылған бүгінгі сайыстың мақсаты – ұлттық мұрамызды ұлықтап, мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылығымызды дамыту болмақ. Асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру баршамыздың міндетіміз, – деді ол. 

Байқаудың міндеті – өскелең ұрпаққа Сыр бойындағы ақын-жыраулардың мұраларын насихаттай отырып, балалардың бойында музыкалық-эстетикалық және патриоттық тәрбиені жетілдіре отырып, дарынды балаларды анықтау болып табылады.

Сайысқа Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің директоры Әйгерім Ешбаева, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің әуез пәні мұғалімі А.Бағатова, Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ақназар қазылық жасады.

Сайыс қорытындысында жеңімпаздар аудандық партия филиалының арнайы дипломы, Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 
«Ұлттық мұра» жобасын насихаттайтын сайыстар, шаралар алдағы уақытта да аудан деңгейінде өз жалғасын табатын болады.
 

Тағы да оқыңыз: