Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында жылытылатын барлығы 99 әлеуметтік, бюджеттік нысандар бар. Негізінен әлеуметтік нысандардың саны – 81, мемлекеттік мекемелер – 18. Әлеуметтік нысандардың 28-і сұйық отынмен, 39-ы қатты отынмен, 12-сі газ отынымен, 2-еуі электр қуатымен жылытылады.

2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына барлық әлеуметтік және басқа да бюджеттік нысандардың сұйық отын қажеттілігі 2077 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 2900 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге нысандар 2077 тонна сұйық отынмен (қажеттіліктің 100 пайызы), 2900 тонна қатты отынмен (қажеттіліктің 100 пайызы) қамтамасыз етілді. 

Аудан тұрғындарына 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 11500 тоннаны құрайды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап жеке кәсіпкерлермен (автокөлікпен сатылуға 3940 тонна, теміржолмен сатылуға-7770 тонна) барлығы 11710 тонна көмір жеткізілді. Бұл қажеттіліктің 101,8 пайызын құрайды. 

Қазіргі таңда көмір қоймаларында 50 тонна («Қырмызы» ЖК –50 тн,) көмір қоры бар. Шұбаркөл көмірі 22 000 - 24 500 теңгеден сатылуда. Аудан тұрғындарына жеке кәсіпкерлермен көмірді жеткізу жоспары 11500 тонна. «Олжас-2005» ЖШС (Сейтжанов Олжас, көмірді жеткізу жоспары 1400 тонна), «Ажибеков М.» жеке кәсіпкері (Ажибеков Мейиржан Темирханович, көмірді жеткізу жоспары 6800 тонна), «Мәди» жеке кәсіпкері (Елеусінова Айнұр Алтынбекқызы, көмірді жеткізу жоспары 500 тонна), «Қырмызы» жеке кәсіпкері (Сейтханова Данагуль, көмірді жеткізу жоспары 2800 тонна). Тұрғындар үшін қажетті көмірді уақытылы жеткізіп және көмірдің бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалған.

Жалпы ауданда білім саласы бойынша барлығы 23 нысан бар. Оның ішінде 20 мектептің 17-сі сұйық отынмен, 2-еуі қатты отынмен (№31, 188 мектептер), 1 мектеп (№202 мектеп) газбен жылытылады.

2023-2024 жылу беру маусымында білім саласы бойынша сұйық отынның қажеттілігі 1838 тонна, қатты отын қажеттілігі 854 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 1838 тонна сұйық отын (қажеттіліктің 100 пайызы), 854 тонна қатты отын (қажеттіліктің 100 пайызы) жеткізілді.

Мәдениет саласына келсек, жалпы барлығы 20 нысанның 2-еуі сұйық отынмен, 14 нысан қатты отынмен, 3 нысан газбен, 1 нысан электр қуаты арқылы жылытылады. Мәдениет нысандарына жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 46 тонна, қатты отын қажеттілігі 939 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 46 тонна сұйық отын (қажеттіліктің 100 пайызы), 939 тонна қатты отын (қажеттіліктің 100 пайызы) жеткізілді.

Бүгінгі күнге барлық әлеуметтік нысандарда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын басқа да мекемелердің жылу беру маусымында сұйық отын қажеттілігі 154 тонна, қатты отын қажеттілігі 117 тонна. Қазіргі таңда нысандарға 154 тонна сұйық отын (қажеттіліктің 100 пайызы), 117 тонна қатты отын (қажеттіліктің 100 пайызы) жеткізілді.

Денсаулық сақтау саласына келсек, салаға қарасты 19 нысанның 3-еуі (аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесі, аудандық емхана) газ отынымен, 16 нысан қатты отынмен жылытылады. Нысандарға жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 770 тонна. Қазіргі таңда 770 тонна қатты отын жеткізілді (қажеттіліктің 100 пайызы). 

Ауданда спорт саласы бойынша барлығы 9 нысан бар. Оның 1-еуі сұйық отынмен, 5-еуі қатты отынмен, 1 нысан электр қуатымен, 2 нысан газ отынымен жылытылады. Спорт нысандарына жылу беру маусымына сұйық отын қажеттілігі 39 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 220 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда нысандарға 39 тонна сұйық отын (қажеттіліктің 100 пайызы), 220 тонна қатты отын (қажеттіліктің 100 пайызы) жеткізілді. Бүгінгі күнге барлық нысандарда жылу беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Газдандыру жұмыстарына келсек, қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2912 тұрғын үй (90,5 пайызы) және 13 әлеуметтік, 127 кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған газ желісіне қосылған (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны - 3215). Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй саны - 6387. Бұл аудан халқының 45,2 пайызын құрайды. Мөрәлі Шәменов елді мекенін газдандыру (келісім-шарт құны- 649,1 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 63.8 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюджеттен 4,5 млн теңге қаралып, бүгінгі күнге барлығы 21,8 шақырым газ құбырлары тартылды. Оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры - 12 шақырым, төмен қысымды газ құбыры -9,8 шақырым. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС болып белгіленген.  Бұл елді мекенде халық саны-1 003, тұрғын үй саны-294.

Ақсу елді мекенін газдандыруға (келісім-шарт құны- 517,4 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы қаралды. 2024 жылға құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюджеттен 31,7 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге барлығы 22,3 шақырым газ құбыры тартылды. Оның ішінде орта қысымды газ құбыры 2,5 шақырым, төмен қысымды газ құбыры 19,8 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС. Елді мекенде халық саны - 1 674, тұрғын үй саны - 204.

Жоғарыда аталған М.Шәменов, Ақсу елді мекендері газ отынына қосылса, аудан халқының 57,8 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Ендігі кезекте Бұқарбай батыр, Қаракеткен ауылдық округтерін газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде. Бұқарбай батыр ауылында халық саны - 2034, үй саны - 380, әлеуметтік нысандар – 5. Қаракеткенде халық саны - 1515, үй саны – 291, әлеуметтік нысандар - 7.

Жоғарыда аталған Бұқарбай батыр, Қаракеткен ауылдық округтері газ отынына қосылса, аудан халқының 63,7 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123 мектеп-лицейін табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,528 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Жоба құны - 27 082,6 мың теңге. Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,641 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Жоба құны - 15 432,3 мың теңге.

Аудан бойынша электр қуатын тұтынушыларының қарызы 35 152,0 мың теңге. Оның ішінде: «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының Жалағаш аудандық өндірістік бөлімшесінің 4 ай мерзімдегі қарызы 11 361,7 мың теңге, жеке тұлғалар 19 918,6 мың теңге, бюджеттік мекемелер бойынша – 3 871,7 мың теңге. Ауыз су тұтынушыларының қарызы 2 кәсіпкерлік нысан 261,1 мың теңге (ЖК «Айнабаева» - 161,6 мың теңге, Мәдениет ауылы «Жанайым» балабақшасы – 99,5 мың теңге). Газ отынын тұтынушылардың қарызы жеке тұлғалар 5 559,9 мың теңге. Жалпы аудан алдағы жылу маусымына дайындықты қазір бастап кетті. 

Тағы да оқыңыз: