Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы 4 адам кене шағу жағдайымен есепке алынған. Ал былтыр дәл осындай 94 жағдай тіркелген болатын. 

2023 жылы 2 науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті жағдайы болып тіркеліп, зертханалық жолмен расталмаған. 2024 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті жағдайы тіркелмеген.

Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 ауылдық округі қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын (Жалағаш кенті, Ақсу, М.Шаменов, Қаракеткен, Бұқарбай батыр, Еңбек, Аламесек, Мәдениет, Мақпалкөл, Жаңаталап, Аққыр және Таң елді мекендері). Аталған елді мекендердің мал басына МІҚ – 31643, Түйе – 567, Уақ мал – 35655, Қора – 5144 (251147 ш/м), Суат – 83 (27676 ш/м), Шаңлақ – 88 (63995 ш/м) залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Дезинфекция» Ақтөбе облыстық бірлестігі» жеке медициналық мекемесінен 7 техника, 14 адам тартылып, «Креолин-Х» 5 пайыз препаратымен нұсқаулыққа сәйкес жүргізді.

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал қораларына кенелерге қарсы дезинфекциялауға 17 132 мың теңге қаржы қаралып, «Дезинфекция» Ақтөбе облыстық бірлестігі» жеке медициналық мекемесі (Ақтөбе қаласы) жеңімпаз болып танылды. 2024 жылғы 11 наурызда аудан әкімінің №117 өкімімен санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы құрылған.

Жалағаш ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның қолайсыз елді мекендер қатарына Жалағаш кенті мен 10 ауылдық округі енген болатын. (Жалағаш кенті, Ақсу, Жаңаталап, Аққыр, Қаракеткен, Аламесек, Еңбек, Бұқарбай батыр, Таң, Мақпалкөл және М.Шаменов елді мекендері). Аталған елді мекендердің мал басына: МІҚ – 28621, Түйе – 512, Уақ мал – 27376, Шошқа – 50, Қора – 4948 (261974 ш/м), Суат – 76 (28051 ш/м), Шаңлақ – 73 (35718 ш/м) көктемгі I-кезең бойынша 2024 жылдың 06-28 мамыр күндері аралығында «Циперметрин» 10 пайыз препаратымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Тағы да оқыңыз: