Kyzylorda-news.kz Жақында қалам құдіретімен өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген Шиелі ауданына белгілі суретші Асылбек Байділдаевпен аудандық мәдениет үйінде шеберлік сағаты өтті. Қылқалам ұшындағы  ерекше әлемге тап болғандай болдық. Оқушылар үйнің қосымша білім беру педагогы, «Мүсін және графика» үйірме жетекшісінің өнеріне тәнті болдық. Әсіресе, шәкірттерінің салған туындылары көздің жауын алады. 

Айта кетейік, іс-шара «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Креативті HUB» жобасы аясында ұйымдастырылды. Көрменің барысын Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығының директоры Зульфия Шалабаева мен аудандық оқушылар үйінің директоры Бауыржан Әбішев ашып, іс-шараның мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ жас қылқалам шеберлері Айбын Маханбетжан, Бақдәулет Бекмат, Әліби Дүйсенбек және Жанерке Әйтімге сәттілік тілеп, сый-сияпат жасады. Ал оларға бар білгенін үйретіп, кәсіптік бағдар беріп отырған Асылбек Сейтжапбарұлы да Алғыс хатпен марапатталды. 

Сурет салу – шығармашылықты, объектілерді жеке көруді қамтитын процесс. Сызбада жұмыс істеу барысында кез келген бала жаңа және ерекше нәрсені жасау мүмкіндігі ретінде өзінің қателіктерін түсінуді үйренеді. Бұл тәсіл суретшінің еркін болуына, тәуелсіз және табысты болуына көмектеседі. 

– Біз шәкіреттерді имандылыққа, отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейміз. Табиғатты аяулауға шақырамыз. Алдағы уақытта да талай дарынды шәкірт баулитыныма сенімдімін. «Мүсін және графика» үйірмесінде 45 оқушы бар десек, бұл үйірмеге қатысатын талантты шәкірттердің бір парасы ғана. Әлі де үйірме мүшелері арасынан талай дарындар шығып, көрме өз жалғасын табары сөзсіз, – деді суретші Асылбек Байділдаев.

Тағы да оқыңыз: