Kyzylorda-news.kz   2024 жылдың 25 сәуіріне қараған түні бірыңғай жедел телефон нөміріне (112) Атырау облысы, Индербор кентіндегі бес қабатты үйдің терезесінен түтін шыққаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің өртенгенін анықтады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жатын бөлмесінен он және жеті жасар балалардың мәйітін тапты.

Олардың анасы мен 1994 жылы туған азамат ес-түссіз күйде болған. Зардап шеккендер орталық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Өрт сөндіріліп болған соң оқиғаның себептерін анықтау үшін Атыраудан өрт-техникалық зертхана келді.

Фото: Atyrau_tjd

Тағы да оқыңыз: