Kyzylorda-news.kz 24 сәуір күні Қармақшы ауданындағы отбасын қолдау орталығында аудан әкімдігі мен аудандық прокуратурасы аудандық ардагерлер және әйелдер кеңесімен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық және онымен күресу шараларын талқылады.

Жиынға аудан Прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов және айдандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева мен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мерекеов, құқық қорғау органдары мен сала мамандары қатысты.

Аталмыш кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбір көрген әйел азаматшаларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтармен профилактикалық шаралар ұйымдастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау жұмыстары пысықталды.

Сонымен қатар, тізімдегі адамдармен жеке жеке жұмыс жасау, маскүнемдікке салынып, отбасының шырқын бұзатындарға қатаң шаралар қабылдау қажет екендігі айтылды.

Айта кететін жәйт, аудан Прокуратурасы мен аудандық ардагерлер, әйелдер кеңестерімен өңіріміздегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» мәселесіне қатысты ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқаратын іс-шаралар бойынша меморандумға қол қойылған болатын.

 

 

Тағы да оқыңыз: