Kyzylorda-news.kz Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде Қазалы аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өтті.
Мектеп оқушылары арасында сайыс екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезең – аймақтық іріктеу кезеңі алты аймақта 12 сәуір күні өткізіліп, оған отыз мектептен 260-қа жуық оқушы қатысты. Аудандық кезеңге алты аймақтақтан жасақталған командалар бағдарламаға сәйкес спорттың алты түрі бойынша қатысты.
Саптық және әндер байқауы, тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау, атыс даярлығы АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинау мен әскери кросс пен белтемірге тартылу және арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру жарыстың шарттары бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлеріне байланысты өтізілді.
Жарыстын қорытындысымен саптық және әндер байқауы сайысы бойынша жүлделі бірінші орын бесінші аймақтан (№24,94,98,88,190 мектептерден) жасақталған командасы, екінші орын үшінші аймақтан (№№16,17 мектептерден) жасақталған командасы және үшінші орын төртінші аймақтан (№103 мектептен) жасақталған команда иеленді.
Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №225 мектептің оқушысы Даулетбай Бекарыс, екінші орын №103 мектептің оқушысы Мақсұт Еркебұлан және үшінші орын №94 мектептің оқушысы Нұралы Мадияр иеленді.
Атыс даярлығы АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинау (ер балалар) арасында өткен сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №225 мектептің оқушысы Даулетбай Бекарыс, №16 мектеп-лицейдің оқушысы Нұрсұлтан Нұрдаулет және үшінші орын №249 мектеп-лицейдің оқушысы Әміре Айсұлтан иеленді.
Атыс даярлығы АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинау (қыз балалар) арасында өткен сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №70 мектептің оқушысы Өмірбекқызы Мәншүк, екінші орын №25 мектептің оқушысы Қуантаева Нұрдина және үшінші орын №16 мектеп-лицейдің оқушысы Вольнова Марина иеленді.
Белтемірге тартылу сайысы бойынша жүлделі бірінші орын төртінші аймақтан (№№96,225,238 мектептерден) жасақталған командасы екінші орын бесінші аймақтан (№№24,94,98,88,190 мектептерден) жасақталған командасы және үшінші орын екінші аймақтан (№№70,204,266 мектептерден) жасақталған командасы иеленді.
Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру сайысы бойынша жүлделі бірінші орын №25,225 мектеп командасы, екінші орын №249 мектеп-лицей командасы және үшінші орын №70 мектеп командасы иеленіп, Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің арнайы Мақтау қағаздарымен марапаттады және жеңімпаз оқушылар облыстық білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтетін облыстық «Жас Ұлан» әскери – қолданбалы сайысына жолдама алды.