Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ағасымен кездесуге келген азамат шұлық ішіне жасырып ұялы телефон өткізбек болған.

Ол ағасымен қысқа мерзімді кездесуге келген. Тексеру кезінде шұлық ішіне тығылған ұялы телефон табылды.

«Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің режім бөлімі мен жедел бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтауға күш салып келеді. Сотталғандармен кездесуге келген олардың туыстарына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің нормалары және жазасын өтеп жатқандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды енгізген тұлғалардың заң алдында жауапкершіліктерін түсіндіру кеңінен жүргізіледі. Осыған қарамастан шұлық ішіне ұялы телефон жасырып өткізбек болған азамат белгілі болды. Бұл бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс- құжаттары толықтай рәсімделіп, шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының сотына жолданды», – деп мәлім етті Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: