Қызылордадағы түзеу мекемесінің аумағында тұрған көліктен есірткі табылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордадағы түзеу мекемесінің аумағында тұрған көліктен есірткі табылды

21.02.2020, 10:00

830 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің дерегінше мекеме аумағында тұрған автокөліктен есірткі табылған.  

«Қызылорда қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің  қызметкерлері мен жедел тобын шақырта отырып, көлікті тінту барысында артқы орындығынан 20-граммдық 4-дана шприцке нығыздалып салынған жасыл түсті шөп тектес зат табылды.  Сот-химиялық  сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды», – делінген мекеменің таратқан хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.