Kyzylorda-news.kz. Күні кеше Қызылордада «Тұңғыш Президент атындағы саябақ» жанына қойылған блок-посттың маңында өрт болып, қызыл жалын үлкен аумақты шарпығанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін аталған тілсіз жаудың мән-жайы белгілі болғанын жазған едік.
Төтенше жағдай орнында жұмыс жасаған арнайы штабтың мәліметі бойынша, 2 гектарға жуық алқаптағы жыңғыл, тораңғыл, жиде ағаштарына залал келген. Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Сондай-ақ, сол маңдағы тұрғын үйлерге зиян келмеген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Бүгін «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің тілшілері тілсіз жау шыққан аумақта болып, оқиға орнымен танысып қайтқан болатын.
Олай болса, назарларыңызға белгілі фотограф Нұрболат Нұржаубайдың фоторепортажын ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ: Эксклюзивті материалды көшіріп басуға болмайды!