Қызылордада жылқы ұрлаған әйелдер қылмыс үстінде ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада жылқы ұрлаған әйелдер қылмыс үстінде ұсталды

22.11.2019, 18:20

905 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан жылқы ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еркін жайылымда жүрген малды ұрлаған күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың 6 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

«Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады. Оқиға орнында айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ірі мөлшерде ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру