Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қария пәтерінде тайып құлап, жарақат алған.

Әлеуметтік көмек көрсету қызметкері 88 жастағы қарияның пәтерінің есігін ашпай жатқандығы жөнінде 112 нөміріне хабарласқан.

Жедел құтқару жасағының мамандары іске кірісіп, үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.  

«Құтқарушылар пәтер ішіне кіргеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталды. Қария ас бөлмеге кіре берісте аяғы тайып құлаған. Содан кейін өз бетінше тұра алмаған. Апаттар медицина орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қарияны ауруханаға жеткізді», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: