Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 9 желтоқсан күні таңертең болған. Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты.

«Mercedes-Benz» көлігінің иесі қарама қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen» маркалы автокөлікке жол берместен бұрылған. Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, қайтыс болған 2 адам ерлі-зайыпты болған. Олар 9 желтоқсан күні таңғы 04:00-де жеңілдікпен медициналық аппаратқа түсуге барған.

Тағы да оқыңыз: