Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мас күйінде автобус тізгініне отырған азамат ұсталды. Орталық көшелермен жүйіткіген қоғамдық көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспаған.

Тек патрульдік көлікпен тосқауыл жасаған соң ғана ішімдікке сылқия тойған жүргізуші тежегішті басқан. Полицейлер оны наркологиялық диспансерге жеткізді. Бұл заң бұзушылық облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде орын алған. Жалпы, шара өңірде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты өткізілуде. 3 күнде мас күйінде көлік тізгіндеген 14 және құжатсыз жүрген 94 жүргізуші қолға түскен. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ бұл іс-шараға еріктілер жұмылдырылып, жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады», – дейді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

Тағы да оқыңыз: