Қызылордада антисептиктерді заңсыз сатқандар анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада антисептиктерді заңсыз сатқандар анықталды

04.04.2020, 16:30

519 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада антисептикалық құралдарды заңсыз және көтеріңкі бағамен сату дерегі кездесті. Бұл деректі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаментке салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғаның заңсыз антисептикалық құрал сатып жатқаны туралы ақпарат түсті. Ведомство мамандары аталған деректі нақтылау мақсатында антисептикалық құралдар сатып алуға барған кейіп танытты. Олар 4 литрлік бутыльдың әрқайсысын 24000 мың теңгеден сатып алған.

Толық қарау барысында барлығы 113 бутыль ыдысына құйылған антисептик айналымнан алынды.

«Аталған дерек ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі кезде алынған антисептикалық құралдарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына беру туралы келісім жасалуда. Ал материал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабы негізінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің маманы Бақыт Орданова.

0

Пікір қалдыру