Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамалды. Бұл туралы Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйіті табылды. Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл оқиға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.