Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылар жедел профилактикалық шара барысында 17 және 21 жастағы пәтер ұрыларын жер үйлердің біріне ұрлыққа түсіп жатқан жерінен қолға түсірді.

Тергеу барысында бұл азаматтардың 5 ұрлық және 3 тонау қылмысына қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстары толық  дәлелденді.  Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше заттар алынып, жәбірленушілерге қайтарылды.  Ұрылар жәбірленушілерге 1,5 млн теңге шығын келтірген.

 «Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық)  және 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», – деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: