Kyzylorda-news.kz. 3-5 мамыр күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған облыс орталығының 14 тұрғыны ұсталды.

«Тексеру барысында, шамамен 26-45 жас аралығындағы облыс тұрғындарынан жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат анықталған. Сараптама қорытындысы бұл заттардың «марихуана» есірткі заты екендігін бекіткен. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: