Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық күзет фирмасының жұмысшылары Байқоңыр ғарыш айлағында үлкен ұрлық жасаған деп күдіктелуде, деп хабарлады кешен прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

«Тергеумен белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 15-нен 16 қазанға қараған түні қаскөйлер алдын-ала қылмыстық сөз байласып, қазақстандық күзет компаниясының қызметкерлері бола тұра, Қазақстан Республикасына тиесілі «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңында орналасқан нысандардың бірін күзету кезінде қоймаға заңсыз кіру арқылы жалпы сомасы 1,85 млн рубль болатын кабель өнімін ұрлаған», – делінген бейсенбідегі хабарда. 

Хабарда атап өтілгендей, айыпталушылардың бірі ізін суытпай ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынды. 

«Қолға алынған тергеу амалдарымен аса ірі көлемде ұрлық жасаған азаматтардың кінәсі толық расталып, дәлелденді, олар күзет мекемесінен қуылды. Айыпталушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары болуына байланысты оларға қатысты қылмыстық істі прокуратура ары қарай қылмыстық қудалауды жүргізу үшін қазақстандық құқыққорғау органдарына жолдады», – деді кешен прокуратурасынан. 

Ресейлік тарап тергеу амалдарын РФ ҚК 158 бабы 4 бөлімі «б» тармақшасы (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының қоймаға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде ұрлық жасауы) бойынша жүргізілген.

1 рубль = Т6,05.

Тағы да оқыңыз: