Kyzylorda-news.kz. 9 желтоқсан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылының бойында «BMW» және «Ford» маркалы автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 2 -бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар жоқ. Екі азамат медициналық мекемеге жеткізілген.

Тағы да оқыңыз: