Kyzylorda-news.kz. Жұрттың жағасын ұстатарлық суреттерді көрген оқырмандар материалға қарсы көзқарастарын білдіріп, тіпті, түрлі реакцияларын смайликтермен көрсетуде.

“Сақ болыңыздар! Ешекті байлап, соғымға қазы жасап жатыр екен”. Дәл осындай мәтінде facebook әлеуметтік желісіндегі “Сен не дейсің” тобында “Ооо Оооо”  деген аккаунтпен тіркелген желі қолданушысы бірнеше сурет ұсынды, деп жазады Skifnews.kz.

Жұрттың жағасын ұстатарлық суреттерді көрген оқырмандар материалға қарсы көзқарастарын білдіріп, тіпті, түрлі реакцияларын смайликтермен көрсетуде.

Мәселен, желі белсенділерінің “Оны көрген біреу бар ма, нақты фактімен айтыңдар ұшынып өлерміз”, “Сұмдық”, “Егер рас болса, сұмдық-ай, адамдар не болып барады, өзімізге өзіміз жау болдық қой”, “Өтірік, есек сою оңай емес, сасық ол, соя алмайды, иісінен-ақ ұшынып өлесің”, “Қырғыстанда Ош облысында екен”, “Бұл рас”, “Енді ешек қапты жемеген, Алла жазасын берсін!”, “Масқара ғой”,” Ау, қарағым-ау, қазір есек те (құрып бітуге жақын) жоқтың қасы, оны қайда жасайды екен…”, “Анық ақпар, дәлел болмаса, тыныш отырсаңдаршы…”, “Біз жақта ешек көліктен қымбат” деген секілді пікірлері толастар емес.

Айта кетейік, әзірге бұл жарияланымның рас немесе жалған екендігі туралы нақты ақпарат жоқ.

Тағы да оқыңыз: