Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды (ВИДЕО)

18.12.2019, 16:20

526 0

Kyzylorda-news.kz. Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиынын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.

17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

0

Пікір қалдыру