Kyzylorda-news.kz. Балық аулау - қызықты кәсіп болғанымен, бұл асқан сабырлық пен темірдей шыдамдылықты, күш пен жігерді талап ететін ерекше кәсіптің түрі. Десе де, біреулер үшін балық аулау нәпақасын айыру, біреулер үшін хобби, біреулер үшін спорт болып табылады.
Жалпы, балықты қыс мезгілінде аулау - өте күрделі, білу керек ережелері көп жұмыс. Егер жазда судың ортасына қайықпен жүзіп барып немесе жағада отырып-ақ балық аулайтын болса, қыста мұздың үстін қазып, үкі жасап, суық мұздың үстінде аяда отыру керек. Дегенмен, қысқы балық аулаудың өзіндік қызығы мен ерекшеліктері бар.
Негізі, балық алаудың өзіндік техникалары болады. Балықшының міндетті түрде білу керек бірнеше ақпараттар болады. Мысалы, мұз айдынында қазылған ойықтардың қашықтығы, суық желдің қай жақтан соғатыны, қармақты дұрыс салу және қармаққа дұрыс азық ілу секілді маңызды шарттар бар. Бұл қарапайым шарттар балық аулауды жеңілдетіп қана қоймайды, қауіпсіздік шараларының да негізгі белгілері болып табылады. Қысқы балық аулау науқаны суға мұз қатқан кезде басталады. Оны мұз үстіне шығып, шұңқырлар қазу арқылы тексереді. Негізі қазылатын ойықтарды біз «үкі жасау» деп атайды. Адамның салмағын көтеретіндей мұздың қалыңдығы шамамен 10 см болуы керек, ал егер мұз үстіне көлікпен шығатын болса, онда кемінде 30 см болуы керек.
Шынжырхан Сүлейменов,
«Қызылорда Fish» Қызылорда облысы бойынша спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры