Kyzylorda-news.kz. Бүгінде елде «табысқа кенелемін» деп бар жиған-тергенінен күмәнді қаржылық ұйымдарға салып, қолма-қо немес интернет желісі арқылы қаржысынан айырылып жатқан қазақстандықтар аз емес. Алаяқтық фактілерінің көбейгенін ескерткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдарға қаржы пирамидаларына қарсы алдын алу кешенді шараларын жүгізуді міндеттеген еді. 

Негізінен Қызылордада осы бағытта тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігі интернетте (Олх, Колёса) тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырумен байланысты. Алаяқтар өздерінің құрбандарын арзан бағамен, тауарды не қызметті тез жеткізумен қызықтырады. Сатып алушылардан жартылай немесе толық алдын ала төлем жасауды сұрайды, олардың шоттары үшінші адамдарға ресімделіп отырады.

Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі. Осындай қылмыстарды ашу және тергеуде біршама қиындықтар бар, өйткені қылмыскер үшінші адамдарға тіркелген әртүрлі банк карталары мен карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді пайдаланады. Көп жағдайда ақша қаражаттарын шешіп алу үшін жалған адамдарды қатыстырады. Ал, аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мүқият талдау қажет екен, бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді.

Дегенмен, бүгінгі күнге интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында аймақта бірнеше іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.

Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылған.

Сонымен қатар, тауарларды интернеттен сатып алған кезде тауарларды тек тексерілген сайттардан сатып алуды қарастыру керек. Бұл қос сайт емес, ресми бет екеніне көз жеткізіңіз. Көбінесе қылмыскерлер ұқсас сайттарды жасайды, тек ресурстың сипаттамасын өзгертеді, танымал банктердің логотиптерін, сондай-ақ танымал брендтерді пайдаланады, бұл адамды алдаудың тәсілдерінің бірі. Бұл жағдайда, егер сізден тауар үшін алдын-ала төлем сұралса, алдын-ала төлем шарттарын мұқият оқып шығу керек. Алаяқ интернеттен тапқан немесе басқа адамнан алаяқтық жолмен алған жеке куәліктің фотосуретін жібереді. Егер сіз басқа қаладан тауарға тапсырыс берсеңіз, туыстарыңыздан, таныстарыңыздан тауардың бар-жоғын және ұсынылған сипаттамаларға сәйкестігін тексеруді сұраңыз.

Егер Сізге ұялы байланыс телефоны арқылы банктен қоңырау шалып, менеджер немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, Сіз туралы немесе Сіздің шотыңыз туралы мәліметтерді сұрастырып жатады. Егер сіз осы ақпаратты алаяқтарға телефон арқылы хабарласаңыз, ақша қаражаты дереу банк картасынан алынады. Осындай жағдайда сөйлесуді тоқтатып, өз банкіңіздің жедел желісіне дереу қоңырау шалып, осы жағдай туралы хабарлау қажет. Банктің бірде-бір қызметкері клиенттерге қоңырау шалмайды және құпия деректерге қызығушылық танытпайды.

Инстаграмм арқылы тауарларды сатып алар алдында, сатушының ресми мекен-жайын, сонымен бірге, Ватсаппен немесе видео байланыс арқылы құжаттарын тексеріп, көз жеткізу қажет.

«Сіз жеңімпаз атандыңыз, Сізге арнайы сыйлығымыз бар немесе ақша ұтысы бар, құжаттың көшірмесін жіберіңіз» деп ұялы телефонға мәліметтер түсіп жатады. Осындай жалған мәліметтерге құжаттардың көшірмесін жіберуге болмайды. Сіздің атыңыздан алаяқтар заңсыз іс-әрекеттер жасауы мүмкін.

Қызылордалық полицейлер облыс тұрғындарынан интернет-алаяқтық фактілер бойынша жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, «102» арнасына немесе «102 мобильді қосымшасына» хабарласуға болатынын ескертеді.
 

5.jpg

4.jpg

3.jpg

Тағы да оқыңыз: