Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқығын қорғау  департаменті 2020 жылдың 11 наурызында тұтынушылардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша «Ашық есік күнін» өткізеді.

Облыстық департаменттің мамандары азаматтарды департаменттің әкімшілік ғимаратында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30) күтеді.

Сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы №52 үй (Әділет департаментінің ғимараты), №407-414 кабинеттер.

Анықтама телефон: (87242) 23-50-66, 23-50-72.

Тағы да оқыңыз: