Kyzylorda-news.kz. Қызылордада  15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне  орай 2020 жылдың 13 наурызында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өтеді. 

Оған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау  департаменті және Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, Экологиялық реттеу және бақылау департаменттері, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық ұйым өкілдері қатысады.

Департамент мамандары азаматтарды департаменттің әкімшілік ғимаратында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30) күтеді.

Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 үй (Әділет департаментінің ғимараты), №407-414 кабинеттер, телефон (87242) 23-50-66.

Тағы да оқыңыз: