Қызылорда: «Сол жағалауда» 15 қыркүйекте газ беру уақытша тоқтатылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: «Сол жағалауда» 15 қыркүйекте газ беру уақытша тоқтатылады

12.09.2020, 9:00

340 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Сол жағалау» мөлтек ауданында ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы біздің ақпарат агенттігіне «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы хабарлады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда қаласындағы «Сол жағалау» мөлтек ауданындағы газ тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 2020 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сол жағалау» мөлтек ауданына газ беру уақытша тоқталатынын хабарлайды.

Уақытша тоқтату кезінде газ қондырғыларының алдындағы крандарды жабуларыңызды және қайта газ беру жұмыстарын жүргізу кезінде 2020 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 15:00-ден бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлерін үйлеріңізге кіру мүмкіндігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз», – делінген аталған хабарламада.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы аталған мөлтек аудандағы тұрғын үйлерден газдың шығуы анықталған жағдайда 104 телефон нөмеріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

0

Пікір қалдыру